jasqazaq.kz

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

27 мамыр, 22:33

Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. «Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.

Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілігі, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының және ERG қолдауымен ұйымдастырылды.
Өнер сапары осыдан бірнеше ай бұрын Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жоспарланып, қаражаты шешілген болатын.
Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.

Кеште Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.

Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік еткен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды. Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.

Кеш қорытындысында өнерпаздар «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар