jasqazaq.kz

SWIFT-ке балама ма? Қытай мен Малайзия цифрлық ақшамен төлем жасады

02 тамыз, 17:43

Қытай тұңғыш рет Дүниежүзілік банкаралық қаржы телекоммуникациялары қоғамдастығына ( SWIFT) жүгінбей, Малайзияға тікелей қаржы аудару операциясын жүзеге асырды.
“South China Morning Post”интернет-басылымы жазғандай, жаңа піскен дуриан (тропикалық жеміс) үшін есеп айырысу Қытайдың цифрлық ақшасымен (e —
CNY) жүргізген. Жалпы сомасы 43 мың юаньды (6390 доллар) құрайтын төлем Қытай Қайта құру банкінің (CCB) екі елдегі бөлімшелері арасында жасалды. Осындай қаржы операциясын жүргізуді көздейтін пилоттық жоба биылғы қаңтарда қолға алынған болатын.
Айта кету керек, қаржы аударуға небәрі 30 минут кеткен. Халықаралық дәстүрлі есеп айырысу бойынша бұл 1 күнен 3 күнге дейін уақыт алады. Басылым төлем уақытын үнемдеу осы аймақта тез бұзылатын жеміс-жидекпен сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлер үшін өте тиімді екеніне назар аударады.
Сондай-ақ, хабарда “Xinhua Finanсе” агенттігінің дерегіне сілтеме жасай отырып, сыртқы сауда компанияларының SWIFT арқылы төлем жасағанда әрбір қаржы операциясы 25-35 доллар комиссия төлейтіні де атап өтілген. Тағы бір тиімді тұсы, Қытай валютасын Малайзияның төл ақшасы рингитке конвертациялау да оңай.
Бірқатар қаржы сарапшылары осы жаңалықты Оңтүстік-Шығыс Азияда “халықаралық сауда-саттық бойынша есеп айырысуда тиімді әрі баламалы жүйе пайда болды” деп бағалады.
Оңтайлы жүйе цифрлық теңгені енгізіп жатқан еліміздің осы салада сәтті қадам жасағанын айғақтайды.

Талап Тілеген

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар