jasqazaq.kz

Шымкенттің өңірлік жалпы өнімі 5,7 трлн теңгеге жетті

Бүгін, 18:50

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетіп, 11 пайызға ұлғайды. Шымкент аталған көрсеткіш арқылы өңірлер арасында екінші орын иеленіп отыр.

2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз.

Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 133 мыңға жетіп, олар шығарған өнім көлемі 4,7 триллион теңгені құрады. Оның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 41 пайыздан 56 пайызға артты.

Президентке биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отырғаны жөнінде баяндалды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10,4 пайызға өсті. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында байқалды.

Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді. Қазіргі уақытта 200 орынға шақталған заманауи перинаталдық орталық салынуда. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған.

35 мың жанкүйер сыятын заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше мән берілуде.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Бүгін, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
Бүгін, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
Бүгін, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
Бүгін, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка
10 маусым, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
10 маусым, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
10 маусым, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем