jasqazaq.kz

Шымкенттің 6 мектебі еліміздегі үздік 100 мектебінің қатарына енді

01 маусым, 18:59

Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік мектептердің рейтингін жариялады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері негізінде жасалған тізімге еліміз бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген 114 білім беру ұйымы енген.

Биылғы республикалық олимпиада еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылып, оған 676 мектептен 1636 оқушы қатысты. Білім сайысында оқушылар өздерінің терең білімін, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Рейтинг арнайы бағалау жүйесі арқылы жасалды. Атап айтқанда, алтын медаль үшін – 3 ұпай, күміс медальға – 2 ұпай, ал қола медаль үшін 1 ұпай берілді.

Қазақстанның ең үздік 100 мектебі қатарына Шымкент қаласының алты білім беру ұйымы еніп отыр:

* «Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты;
* Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты;
* З.Хусанов атындағы №110 орта мектеп;
* Айбек атындағы №14 орта мектеп;
* А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия;
* Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия.

Бұл көрсеткіш Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының олимпиадалық даярлық бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын және оқушылардың республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын көрсетеді.

Айта кетейік, өткен 2024-2025 оқу жылында Шымкент қаласынан бес мектеп үздіктер қатарынан көрінген болатын. Ал биыл бұл көрсеткіш алты мектепке жетіп, қала білім беру ұйымдарының жетістігі тағы бір сатыға көтерілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар