jasqazaq.kz

Шымкенттің 4 айдағы экономикалық өсімі республикалық көрсеткіштен жоғары

Бүгін, 15:37

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ұлт мүддесін қорғау үшін экономиканы нығайтуға және дамытуға арналған нақты жоспар болуға тиіс екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы: «Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс. Басқаша айтсақ, жалпы ішкі өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек», — деді. Президент тапсырмасын Үкімет жүзеге асыруы тиіс болса, отандық экономиканы дамытуға өз кезегінде әр өңір өз үлесін қосатыны сөзсіз. Осы орайда еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқтала кетейік.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айларындағы қорытынды бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты оң динамика сақталды. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 10,4 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен (4,2%) едәуір жоғары болды. Бұл мегаполистің ел экономикасындағы маңызды драйверлердің біріне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады. Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 518,1 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 3,3 пайызға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 1,9 пайызды құрады. Бұл өндірістік әлеуеттің артып, өңдеу секторындағы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеп жатқанын аңғартады.

Ауыл шаруашылығы саласы да оң нәтижеге қол жеткізілді. Жалпы өнім көлемі 18,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға өсті. Бұл саладағы өндіріс көлемінің ұлғаюы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жергілікті нарықты сапалы өніммен қамтуға ықпал етуде.
Құрылыс саласы Шымкент экономикасындағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып отыр. Төрт айда құрылыс жұмыстарының көлемі 33 пайызға өсіп, 70,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 355,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артты. Бұл тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары екенін және халықтың баспанаға деген сұранысын қанағаттандыру бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Сауда саласында да айтарлықтай өсім тіркелді. Жалпы сауда көлемі 1 017,8 млрд теңгеге жетіп, 17,1 пайызға артты. Бұл ішкі нарықтағы іскерлік белсенділіктің жоғары екенін және тұтынушылық сұраныстың сақталғанын білдіреді.

Қызмет көрсету секторында да оң көрсеткіштер қалыптасты. Көлік қызметтерінің көлемі 147,8 млрд теңгені құрап, 9 пайызға өсті. Ал байланыс қызметтерінің көлемі 5,1 млрд теңгеге жетіп, 7,4 пайыздық өсім көрсетті. Бұл көрсеткіштер қаланың логистикалық және цифрлық инфрақұрылымының даму қарқынын айқындайды.

Экономикалық белсенділіктің артуына инвестициялық тартымдылықтың күшеюі де әсер етуде. Есепті кезеңде Шымкент экономикасына 145,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Инвестиция көлемінің артуы жаңа өндірістерді іске қосуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Шымкент экономикасындағы маңызды тірек – шағын және орта бизнес. Өткен жылы ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 4 684 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға артты. Сонымен қатар бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 259 мың адамға жетіп, 5,9 пайызға өсті. Осы көрсеткіш бойынша Шымкент өңірлер арасында екінші орынға көтерілді.

Бүгінде мегаполисте 141 957 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл кәсіпкерлік ортаның белсенді дамып келе жатқанын және бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлардың қалыптасқанын көрсетеді.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы нәтижелер Шымкент қаласының экономикалық өсім қарқыны жоғары екенін дәлелдейді. Өнеркәсіп, құрылыс, сауда, қызмет көрсету және кәсіпкерлік салаларындағы оң көрсеткіштер қаланың тұрақты дамуының негізін қалыптастырып, алдағы кезеңде де экономикалық өсімнің сақталуына мүмкіндік береді.

Талап Тілеген

Фото: capital-city.kz

Бүгін, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
Бүгін, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики