jasqazaq.kz

Шымкенттік әйелдер даму мен көшбасшылыққа инвестиция салуды жалғастыруда

08 маусым, 21:22

Шымкенттік әйелдер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Н.Назарбаев Университеті базасында жүзеге асырылып жатқан Women Leadership Development Programme (WLDP) бағдарламасына қатысуда.

Бағдарлама тыңдаушыларының қатарында кәсіпкерлер, түрлі саладағы басшылар, қоғам қайраткерлері мен көшбасшы әйелдер бар. Олардың көпшілігі жеке кәсіптерін дамытып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қаланың экономикалық әрі қоғамдық дамуына үлес қосуға атсалысып келеді. Сонымен қатар олар жеткен жетістіктерімен шектелмей, кәсіби тұрғыдан үнемі дамуға ұмтылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру, стратегиялық ойлауды дамыту және заманауи басқарушылық құзыреттерді қалыптастыру. Оқу барысында тиімді басқару, қаржылық менеджмент, цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану, жеке тиімділікті арттыру және тұрақты көшбасшылықты қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай білім беру бастамалары кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашып, тәжірибе алмасуға және өңірлер мен елдің дамуына үлес қосуға бағытталған әйел көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.

«AMANAT» партиясы филиалы жанындағы әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева іскер әйелдердің WLDP бағдарламасына қатысуына бастамашы болып, олардың жоба аясында бірлесіп білім алуына мүмкіндік жасады. Оның айтуынша, заманауи көшбасшылық үздіксіз білім алусыз және кәсіби дамусыз мүмкін емес.

– Бүгінде бағдарлама қатысушыларының арасында бизнесте, қоғамдық қызметте және басқару саласында табысқа жеткен әйелдер көп. Дегенмен бәрімізді біріктіретін ортақ құндылық – даму мен жаңашылдыққа деген ұмтылыс. Қазіргі әлем қарқынды өзгеруде. Сондықтан тиімді басшы болып қалу үшін білім мен біліктілікті үздіксіз жетілдіріп отыру қажет. Назарбаев Университетіндегі біліктілікті арттыру курстары бізге заманауи құзыреттерді меңгеруге, тәжірибе алмасуға және қалыптасқан үдерістерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Осындай бастамаларға қолдау көрсетіп отырған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға және Аида Ғалымқызы Балаеваға шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деді ол.

Айта кету керек, бүгінде шымкенттік әйелдер көшбасшылықтың үздіксіз даму, тұрақты білім алу және өзгерістерге бейім болу арқылы қалыптасатынын нақты істерімен дәлелдеп келеді.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар