jasqazaq.kz

Шымкентте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында рейд өтті

08 маусым, 10:55

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кальян өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану және ойын-сауық мекемелерінің қызметі тексерілді. Тексеру кезінде кальян өнімдерін өткізуге қатысты заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтары анықталды. Анықталған фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданып, кінәлі тұлғаларды заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

Абай ауданының прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.

Прокуратура осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілерін заң талаптарын қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балаларының түнгі уақыттағы жүріс-тұрысына бақылауды күшейтуге шақырады.

Сурет: Шымкент қаласының прокуратурасы

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар