jasqazaq.kz

Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийінің екінші күні өтті

26 мамыр, 16:37

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийінің екінші күнгі көрсетілімі ұйымдастырылды.

Көрермен назарына Президент Телерадиокешенінің үздік авторлық туындыларының бірі саналатын «СЕРТ» және «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмдері ұсынылды.

«СЕРТ» фильмі 2024 жылдың көктемінде Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болған алапат су тасқыны кезіндегі ел бірлігі мен халықтың жанкешті еңбегін баяндайды. Туындыда табиғи апат салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсетілген.

Ал «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмі еліміздің туристік әлеуеті мен табиғи мүмкіндіктерін кеңінен таныстырады. Фильмде Қазақстанның әлемдік туризм картасындағы орны мен саланың даму перспективалары қамтылған.

Айта кетейік, «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Жоба Қазақстанның 20 қаласын қамтиды. Ресми ашылуы 21 мамыр күні Астана қаласында өткен кинолекторий бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жалғасып жатыр.

Кинолекторийдің басты мақсаты – Қазақстанның қазіргі тарихын баяндайтын деректі фильмдерді кеңінен насихаттау және қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларды экран тілі арқылы көрерменге жеткізу.

Көрсетілімдер өңірлік әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, барлық көрермен үшін тегін өткізілуде.

Аида Қалдыбек
«Шымкент келбеті»

Бүгін, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
Бүгін, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы