jasqazaq.kz

Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті

Бүгін, 16:25

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтті. Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған ауқымды жоба отандық деректі киноны насихаттап, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды көрерменге кеңінен таныстыруды мақсат етеді.

Кинолекторий аясында көрермен назарына «ARAL» және «Қуатты серіктес» деректі фильмдері ұсынылды. «ARAL» фильмі Арал теңізіндегі балық шаруашылығына ғұмырын арнаған Күнтуған Тұрғынбаевтың өмір жолы арқылы теңіз тағдыры мен өңірдің бүгінгі тынысын бейнелейді.

Ал «Қуатты серіктес» деректі фильмі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары мен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуын арқау етеді. Іс-шараның ашылуында ҚР Президенті Телерадиокешені Деректі кино орталығының директоры Ақылбек Шалжанов кинолекторийдің маңызына тоқталды.

– Бұл жоба жай ғана фильм көрсету емес. Басты мақсатымыз – көрерменмен ашық пікір алмасып, ел тарихындағы маңызды кезеңдерді деректі кино арқылы жеткізу. Президент Телерадиокешенінің шығармашылық ұжымы 30 жыл бойы Тәуелсіз Қазақстанның бейнешежіресін жасап келеді. Бұл – болашақ ұрпақ үшін құнды мұра, – деді ол.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек деректі фильмдердің қоғам үшін маңызын атап өтті.

– Біз кейде ресми сапарлар мен тарихи оқиғалардың астарына терең үңіле бермейміз. Ал мұндай фильмдер сол үдерістердің шынайы мазмұнын көрсетеді. Президенттің Арал мәселесіне, еңбек адамына ерекше назар аударуы – ел болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі, – деді қала әкімінің орынбасары.

Фильмдер Президент Телерадиокешенінің Деректі кино орталығында түсірілген. Көрсетілімге орталық мамандары арнайы қатысып, көрермендермен еркін форматта пікір алмасты.

Кинолекторийдің екінші күнінде көрермендерге «Серт» және «Travel Kazakhstan» деректі фильмдері ұсынылады. Айта кетейік, «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі еліміздің 20 қаласын қамтиды. Жоба аясындағы көрсетілімдер өңірлік әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, көрермендер үшін тегін өткізілуде.

Аида ҚАЛДЫБЕК
«Шымкент келбеті»

Бүгін, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
Бүгін, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата
25 мамыр, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
25 мамыр, 16:33
«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі