jasqazaq.kz

Шымкентте «Елімнің жүрегі – Астана» атты мерекелік іс-шара өтті

06 шiлде, 23:05

Бүгін Шымкентте Астана күніне орай «Елімнің жүрегі – Астана» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Shym City» саябағының амфитеатрында ұйымдастырылған айтулы мейрам аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен арнайы бағдарлама ұсынылды.
Салтанатты шара елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптеу және мемлекет тарихындағы бас қала — Астананың ерекше рөлін айшықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мерекелік кеш жиылған көпшіліктің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды.
Бұдан кейін сахна төрінде би ұжымдарының жарқын өнері жалғасты. Көздің жауын алатын ұлттық киімдер мен заманауи үлгіде өңделген халық билерінің өзіндік колориті көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, елордаға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін әнмен өрген жас орындаушылардың өнері де ешкімді бей-жай қалдырмады.

Мерекелік бағдарламаның ашық аспан астында, жарық диодты сүйемелдеумен және субұрқақтардың әуезді ырғағымен өтуі кешке ерекше реңк берді. Бұл үйлесім әртістердің өнерін біртұтас сиқырлы жарық-музыкалық шоуға айналдырып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

«Мен елорданың туған күніне арналған бұл концертке немерелерімді ертіп келдім. Кештің мұншалықты әсерлі әрі жоғары деңгейде өтетінін күтпеген едім. Бұл — Қазақстанның бас қаласының елдің біртұтас рухын қалыптастырудағы рөлін айшықтайтын өте маңызды мереке. Балаларымыз бен немерелеріміз осындай мерекелік шараларға қатысу арқылы бойларына патриотизмді сіңіріп, өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатады», — деп ағынан жарылды қала тұрғыны Исабек Құлжанов.

Концерттік бағдарламаның тартымдылығы соншалық, ата-аналардың уақытты ұмытып, өнерге елтіген сәттері де болды. Ал балақайлар өздеріне берілген еркіндікке қуанып, алдымен жалғыз-жарымдап, кейіннен топтасып сахнаға шықты. Олар өнерпаздарға қосылып ән айтып, сахнада билеп, кештің сәнін келтіре түсті. Мұндайда жергілікті өнерпаздардың да кәсібилігін атап өткен жөн. Олар кішкентай бүлдіршіндерді ортаға алып, жас жанкүйерлерімен бірге ыстық ықыласпен суретке түсті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды