jasqazaq.kz

Шымкентте бойжеткен 2 кило мефедронмен ұсталды (Видео)

12 маусым, 12:36

Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Бұл туралы jasqazaq.kz Шымкент қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келіні құрайтын мефедрон салынған төрт пакет табылды. Сонымен қатар одан есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.

Ұсталған азаматшаның жалдап тұрған пәтерін тексеру барысында әрқайсысының салмағы бес граммды құрайтын 32 орама синтетикалық есірткі анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес пен оны тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

JQ-AQPARAT

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар