jasqazaq.kz

Шымкентте автобус жолаушыларына концерт қойылды

Бүгін, 15:32

Мегаполистің «Теріскей» аялдамасынан №35 бағыттағы автобусқа мінген жолаушылар шымкенттік домбырашылардың өнеріне куә болысты. ІІМ мектебіне дейінгі жол аралығында жолаушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынған «Шымкент-концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен танымал әртістері қала көшелеріне шығып, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын орындарда «Домбырашылар шеруін» ұйымдастырды. Ал кері бағытта өнерпаздар №108 автобуспен ІІМ мектебінен «Теріскей» аялдамасына дейін ұлттық ән-күйді насихаттап, жолаушылардың ыстық ықыласына бөленді. Күтпеген жерден басталған шағын концерт автобус ішін ерекше атмосфераға бөлеп, жолаушылар өнерпаздарға қол соғып, әндерді бірге шырқап, естелік бейнероликтер түсірді.
Мерекелік акция Шымкентте бүгін тек қоғамдық көліктермен шектелген жоқ. «Теріскей» және «Гүлжан» аялдамаларында да домбыраның күмбірі естіліп, «Адай», «Балбырауын» сияқты қазақтың әйгілі күйлері орындалды. Ұлттық музыканы тыңдауға жиналған тұрғындар өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Ұлттық домбыра күніне орай Шымкентте ұйымдастырылған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты ауқымды мәдени акция аясында қала тұрғындары үшін ерекше форматтағы мерекелік шара өтті. Бұл жолы ұлттық өнер сахнада ғана емес, қоғамдық көліктер мен аялдамаларда да жаңғырып, жолаушыларға күтпеген рухани сый жасалды.
Күмбірлеген күй мен әуелеген халық әндері күнделікті қарбаласқа асыққан тұрғындарды бір сәтке аялдатып, мерекелік көңіл күйге бөледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша ұлттық өнер мен мемлекеттік құндылықтарды ұштастырған бұл ерекше жоба Шымкент көшелерін күйдің қоңыр үніне бөлеп, мерекенің мазмұнын тереңдете түсті. Қоғамдық көліктегі күтпеген концерттер қала тұрғындары үшін есте қаларлық ерекше тартуға айналып, Ұлттық домбыра күнінің рухын айшықтай түсті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін