jasqazaq.kz

Шымкентте алюминий профильдерін өндіретін зауыт іске қосылды

20 маусым, 18:24

Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір ірі инвестициялық жоба Қала күні мерекесіне тарту ретінде іске қосылды. Бүгін «Himmel Aluminium» алюминий профильдерін өндіретін заманауи зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін айтты.

Жаңа өндіріс орны өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жоба аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның жалпы инвестициялық құны — 3,5 миллиард теңге.
Қазіргі таңда құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өндіріс салаларында алюминий профильдеріне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты жаңа зауыттың іске қосылуы ішкі нарықтағы сұранысты отандық өнім есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті азайтып, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққан кезде жылына 3,8 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін өндіретін болады. Мұнда құрылыс саласында кеңінен қолданылатын терезе, есік, витраж, қасбеттік жүйелер мен басқа да алюминий конструкцияларына қажетті өнім түрлері шығарылмақ. Бұл өнімдер тек Шымкент пен Түркістан өңірінің ғана емес, еліміздің өзге облыстарының сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның басты артықшылықтарының бірі – жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, өндіріс орнының айналасында логистика, тасымал, қызмет көрсету және шикізат жеткізу бағыттарында қосымша жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. Мұндай өндірістік жобалар бір ғана кәсіпорында емес, оған қызмет көрсететін шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына да серпін береді.
Осылайша, «Himmel Aluminium» зауытының іске қосылуы тек жаңа өндіріс орнының ашылуы ғана емес, Шымкенттің өнеркәсіптік дамуына тың серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын құратын және өңір экономикасының тұрақты өсіміне ықпал ететін маңызды инвестициялық жоба болып саналады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде