jasqazaq.kz

Шымкент: студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары түсіндірілді

29 мамыр, 10:34

​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, өскелең ұрпақтың өміріне балта шабатын нашақорлық кеселіне қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі деп мәлімдеген болатын. Осы нашақорлық дертінің алдын алу бойынша Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, оқу жылының аяқталуына орай, сондай-ақ «Халықаралық балаларды қорғау күні» мен «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында Шымқаладағы полиция қызметкерлері мүдделі мекеме өкілдерімен бірлесіп, студент жастармен нашақорлық кеселінің алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесулер өткізді.

Мұндай іс- шараның басты мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, жас буынды спортпен шұғылдануға баулу.
Басқосуда жастарға зиянды әдеттердің салдары туралы жан-жақты түсіндіріліп, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызды фактор екендігі атап өтілді.

Нашақорлықтың адам денсаулығына зияны туралы баяндалған кездесу қаладағы Политехникалық колледж ғимаратында ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге есірткінің адам ағзасына тигізер зияны, адамның алдағы өміріне әсері және есірткі қылмысына қатысты заңда қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Мамандар нашақорлықтың тек бір адамның өміріне ғана емес, тұтас қоғамға қауіп төндіретінін айтып, жастарды саналы өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар, құқық қорғау саласының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, заңды білу – әр азаматтың өзін және жақындарын қорғаудағы маңызды құрал екенін жеткізді.

Жүздесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.

Шымкент  полицейлері үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне де барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.
​Жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
​Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.
​Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар