Шымкент: Полицейлер мектеп оқушыларымен профилактикалық жиын өткізді

07 қараша, 14:45

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қалалық полиция департаменті баспасө қызметінің мәліметінше, Абай ауданы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қуат Мірқасов №87 мектептің оқушыларымен кездесіп, маңызды профилактикалық жиын өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесуге 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Полицейлер мектеп қабырғасындағы жасөспірімдерге заң бұзушылық жасағаны үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы түсінік беріп, олардың құқықтық білімін тереңдетті.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, полицейлер оқушыларға тәртіпке, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен айналысуға шақырды. Жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл жиын жас ұрпақтың заңды сақтаудағы жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін терең түсінулеріне ықпал етті.

Сонымен қатар Шымкент қаласы Тұран ауданы полиция басқармасының мәліметінше, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айғаным Мұхтарқызы, «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының басшысы Рахметова Фарида, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық органдарының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Іс-шараның көздегені – Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу жөніндегі заң жобасы туралы ақпарат беру, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Қазіргі таңда бұл заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қарастырылып жатыр.

Дөңгелек үстел барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша алдағы жаңалықтар талқыланды. Қатысушылар кәсіби қабылдаушы отбасы институтын әр қырынан қарап, бұл жүйенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды. Отбасыларға төленетін ақы, ата-ананың жұмысы, сондай-ақ мүмкін болатын мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, кәсіби қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу және баланың құқықтарын қорғау мәселелері қызу пікірталас тудырды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен оның қоғамдағы рөлін түсіндіру мақсатында егжей-тегжейлі баяндама ұсынылды.

JQ-Aqparat
Фото: Шымкент қаласы Полиция лепартаменті

06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді
03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус