jasqazaq.kz

Семейде Ұлттық жоба аясында қазандықтан тұрғын кварталдарға дейінгі тозған жылу желілері ауыстырылады

Бүгін, 18:06

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Семей қаласында «Парус» орталық жылу пунктінің коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды түрде іске асырылып  жатыр. Бұл жұмыс бойынша Сәтбаев көшесіндегі (1,27 км) қазандықтан тұрғын кварталдарға дейінгі тозған жылу желілері ауыстырылады. Қазіргі кезде мердігер бұзу-бөлшектеу жұмыстарының негізгі кезеңін толығымен аяқтап, желілерді заманауи жабдықтарды орнатуға параллельді түрде дайындауға кірісіп кетті.

Жоба қай кезеңде? 

Ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде «Парус» орталық жылу пункті (ОЖП) ғимараттарын, сондай-ақ оған қарасты магистральдық және орамаралық жылу желілерін қайта жаңарту бойынша ауқымды құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Орындаушылардың хабарлауынша, қазіргі уақытта құрылыспен қатар жылу-механикалық жабдықтарды сатып алу, заманауи алдын ала оқшауланған құбырларды (ППУ) жеткізу, сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес жылу камераларын жылу желілеріне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сандар не дейді? 

  • Жобаның жалпы сметалық құны – шамамен 527 351,6 мың теңге;
  • Ескі құбырларды, жылу камераларын және жылу-механикалық жабдықтарды бөлшектеу жұмыстары 100% аяқталды;
  •  Жылу камераларының жаңа негіздерін орнату жұмыстары 80% орындалды.

Жоба қашан аяқталады?

Шарттың қолданылу және жобаны аяқтаудың соңғы мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына жоспарланған.

Нәтижесі қандай болмақ?

«Парус» орталық жылу пунктін қайта жаңарту жұмыстары жоспар бойынша, кестеге сәйкес жүріп жатыр. Желілер мен жабдықтарды толық жаңарту аудандағы жылумен қамтамасыз ету тиімділігін айтарлықтай арттыруға және алдағы жылыту маусымдарында апаттың алдын алуға мүмкіндік береді. Жылу шығыны  азаяды. Жобада заманауи пенополиуретанды оқшаулағышы бар (ППУ) құбырлар қолданылады. Бұл құбырлар жылуды далаға ысырап қылмай, үйлерге толық жеткізуге мүмкіндік береді, яғни энергия тиімділігі артады. Инфрақұрылымның қызмет ету мерзімі ұзарады. Жөндеуге кететін шығындар үнемделеді. Жобаның басты нәтижесі – халық қысқа жаурамайды, қыстың қақаған аязында «жылусыз қаламыз ба» деген уайымнан арылады.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды