jasqazaq.kz

Саяси тәуекелдің алдын алу қадамы

07 шiлде, 18:41

Журналист Дәурен Сейітжанұлы Конституциялық Соттың шешіміне қатысты пікір білдірді. Ол өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Ата заңымыздағы кейбір нормаларға қатысты Президенттің Конституциялық сотқа сұрау салуы — саяси тәуекелдің алдын алу қадамы секілді. Конституциядағы жекелеген баптарға нақты құқықтық түсіндірме берілді. Әрі қарай қалай боларын болашақта көреміз».

Еске салсақ, бүгін  Конституциялық Сот мынадай түсіндірме берді:

«1995 жылғы Конституцияға сәйкес осы конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлана немесе тағайындала алады. 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін мұндай адамдардың тиісті лауазымдарға сайлануы немесе тағайындалуы олардың алғашқы сайлануы немесе тағайындалуы болып есептеледі».

Конституциялық Сот президенттің өкілеттік мерзімін бір реттік жеті жылмен шектейтін қағида қазіргі мемлекет басшысына қолданылмайтынын меңзейді. Бұл норма мемлекет басшысының алдағы сайлауынан бастап, оның нақты қашан өтетініне қарамастан, баршаға бірдей қолданылады.

JQ-Aqparat

Сурет: Facebook парақшасынан

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты