jasqazaq.kz

Сары май мен ірімшік өндірісіне 251 млн теңгеден астам субсидия алғандар сотталды

18 маусым, 10:06

Алматы облысында субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ға сілтеме жасап. 
Тергеп-тексеруді ҚМА-ның Алматы облысы бойынша департаменті жүргізді.
Іс материалдарына сәйкес, «БАҒДАУЛЕТ и ПК» АӨК және «АМАНТАУ-2023» АӨК басшысы екі жыл бойы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып отырған.
Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сондай-ақ сары май мен қатты ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынылған. Жалған құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген.
Алайда кооперативтерде көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік қуаттар, жабдықтар, жұмысшылар және өзге де ресурстар болмаған.
Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған «ComputerService» ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы анықталды.
Соның нәтижесінде бюджетке төленбеген салық сомасы 416 млн теңгеден асты.
Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі адамды 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған «BMW» автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім күшіне енген жоқ.
JQ-Aqparat

Сурет: agroportal.ua

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар