jasqazaq.kz

Сайлау науқаны басталғалы ОСК-ға 203 өтініш келіп түсті

21 тамыз, 16:55

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша комиссия мүшесі Әсел Жанәбілова ақпарат берді.
Оның айтуынша, өтініштермен жұмыс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалған сәттен бастап Орталық сайлау комиссиясына 203 өтініш келіп түскен, оның ішінде 129 өтініш — сайлау заңнамасын түсіндіруге, 62 өтініш — сайлау процесін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі әрбір өтініштің уақытылы қаралуы және оған жан-жақты жауап берілуі қамтамасыз етілетінін атап өтті. ОСК-ға аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағымдар түспеген.
«Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралып, азаматтарға заңнама талаптарын ескере отырып, нақты түсіндірмелер беріледі. Бұл ретте сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін түсіну маңызды. Біздің ортақ міндетіміз — сайлау науқанының барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау», – деп атап өтті Әсел Жанәбілова.
Атап айтқанда, ОСК мүшесі сайлау комиссияларының жұмысына араласқаны, дауыс беру құпиясын бұзғаны, азаматтардың еркін ерік білдіруіне кедергі келтіргені, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беру мақсатында азаматтарға сайлау бюллетеньдерін бергені үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды. Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің, саяси партиялардың сенім білдірілген өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін де жауапкершілік қарастырылған.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты