jasqazaq.kz

Республикалық бюджет кірісі 24,6 пайызға өсті

14 шiлде, 12:23
Фото: Пресс-служба Бюро национальной статистики АСПР РК

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады.

Оның айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджет кірісі 8,5 трлн теңгені немесе жоспарға 100,6%-ды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды құрады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдер 29%-ға өсті немесе 1,9 трлн теңгеден астамды құрады.
«Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсенділігі оң әсер етті. Бұдан бөлек, электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12%-ға немесе 10,8 трлн теңгеге өсті», — деді Ержан Біржанов.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар