jasqazaq.kz

Президент: Еліміздің басты қуаты – халықтың мызғымас бірлігінде және жасампаз рухында

Бүгін, 12:52

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың І сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдегі ахуалдың аса күрделі екенін, болжауға келмейтініне тоқталды.
Мемлекет басшысы: «Өзара сенім жоғалған, тұрақсыздық белең алған мұндай алмағайып кезде Қазақстанның халықаралық беделі биік тұрғанын айрықша атап өткен жөн.
Жаһан елдері, соның ішінде әлемдік саясатта ықпалы зор мемлекеттердің өзі біздің пікірімізге құлақ асады. Бұл – өте маңызды.
Біз ұлттық мүддемізді бәрінен биік қоя отырып, елімізге тән бейбітшілік, өзара достық пен тиімді серіктестік құндылықтарын күллі әлемге табанды түрде дәріптей береміз.
Түптеп келгенде, ұлт болып ұйыса алмасақ, азаматтарымыз ортақ іске жұмылмаса, осы жетістіктердің ешқайсысы да болмас еді.
Еліміздің басты қуаты, яғни, стратегиялық басымдығы – халықтың мызғымас бірлігінде және жасампаз рухында.
Біз озық ел ретінде биік мақсаттарға ұмтылуымыз керек. Ұсақ-түйек, кертартпа әңгімелерге, әлеуметтік енжарлыққа ұрынбай, әрқашан алға үмітпен, сеніммен қарауымыз қажет.
Біздің нақты жоспарымыз бар, бағдарымыз да – айқын. Тек өзімізге сеніп, табанды жұмыс істеуіміз керек».

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын