jasqazaq.kz

Президент: Домбырамыз — төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді

05 шiлде, 8:25

 

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай өз құттықтауын жолдады.  Мемлекет басшысы қастерлі аспап — ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра екенін атап өтті:
«Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.
Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі.
Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.
Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.
1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.
Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!
Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін».

JQ-Aqparat
Сурет: egemen.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде