jasqazaq.kz

Полициядан мотокөлікпен қашқан Қарағанды тұрғыны ұсталды

16 маусым, 9:51

Қарағанды қаласында мотокөлікпен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қашқан әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялаған 18 жастағы тұрғын анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім эндуро санатындағы мотокөлікті басқара отырып, қала көшелерінде жылдамдық режимін бірнеше рет бұзған. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Ол өз әрекеттерін бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оған қатысты: бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту; Ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау; көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару; жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

 

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар