jasqazaq.kz

Полиция Астанадағы мешіттен телефон ұрлаған адамды ұстады

10 шiлде, 14:48

Астанада полицейлер қаладағы мешіттердің бірінде жасалған ұялы телефон ұрлығын жедел түрде ашты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Таңертең ерте ер адам таңғы намазға келген. Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтті басқа бір келуші пайдаланған. Ол ешкімнің өз әрекетін байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият болуға және қоғамдық орындарда бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Егер сіз қылмыстың куәгері болсаңыз немесе құқыққа қайшы әрекеттерден зардап шексеңіз, дереу 102 нөміріне хабарласуыңызды сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты