jasqazaq.kz

Павлодарда өткен «ЗАҢДЫ TALK» құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды

Бүгін, 19:16

«ЗАҢДЫ TALK» 2026 жылғы 10 маусымда облыс орталығы Павлодар қаласының жағалауында «Ертіс толқыны – 2026» облыстық жобасы аясында өтті.

Павлодар облысының орталық жағалауында жастардың басын қосқан шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті насихаттау және заманауи коммуникациялық форматтар арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ашық микрофон барысында жастар «Заң мен тәртіп» идеологиясының маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар «Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі» екенін атап өтіп, заң талаптарын сақтау азаматтардың қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге деген сенімділігін қамтамасыз ететінін жеткізді. Сондай-ақ жастар құқықтық мәдениеттің, азаматтық жауапкершіліктің және заңға құрметпен қараудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Іс-шара аясында қатысушылар үшін қолөнер және сурет салу алаңдары, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған интерактивті ойындар мен түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары өкілдерінің ашық қабылдау алаңы жұмыс істеп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара ашық әрі интерактивті форматта өтіп, жастарды, мемлекеттік органдар өкілдерін және қала тұрғындарын бір алаңда тоғыстырып, сындарлы диалог алаңына айналды.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжағованың айтуынша, жазғы маусымда жастар мен тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған «Ертіс толқыны» жобасы аясындағы әрбір сәрсенбілік шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге арналатын болады. Бұл ретте облыстың әрбір қаласы мен ауданы өздерінің үздік әрі қызықты бастамаларын ұсынады. Мәселен, «Заңды Talk» іс-шарасының белсенді ұйымдастырушылары Павлодар ауданының жастары болды.

11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка
10 маусым, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
10 маусым, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
10 маусым, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем