jasqazaq.kz

Павлодарда ішіп алған жүргізуші шопыр шақырса да, 15 күнге қамауға алынды

20 мамыр, 15:17

Павлодарда мас күйдегі жүргізушінің көлік тізгініне отырғаны түсірілген видео тарады. Артынша көлікке бірден полиция көлігі келіп алған.

«Ішпеген жүргізуші» қазметін пайдандым, бірақ мекенжайға келген соң ол көлікті тұраққа қоюға қорқатынын айтты. Сондықтан көлікті өзім қоюыма тура келді. Сол сәтте бірден экипаж келді», – делінген жазба мәтінінде.

Видео жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары полиция қызметкерлері мен «ішпеген жүргізуші» қызметін көрсеткен ер адамның арасында сөз байласу болуы мүмкін деген болжам айта бастады.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 мамырға қараған түні патрульдік полиция Минина көшесіндегі үй ауласында тұрған Chery Tiggo 7 Pro көлігіне назар аударғанын мәлімдеді. Қызметкерлердің айтуынша, көлік ұзақ уақыт бойы тұраққа қойыла алмай, күдік тудырған. Осыған байланысты экипаж жүргізушіні тексеруге шешім қабылдаған.

Полицейлер әңгімелесу барысында ер адамның алкогольдік масаңдық белгілерін байқаған. Кейін ол көлікті басқарудан шеттетілді.

Ал ықтимал сөз байласу туралы болжамдарға қатысты полицияда видео жарияланғаннан кейін қызметкерлердің бейнетіркегіш жазбалары тексерілгені хабарланды. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған ақпарат расталмаған.

Полицияның айтуынша, материал сотқа жолданып, сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алып, 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Мұндай ұзақ мерзім медициналық куәландырудан өтуден бас тартуына байланысты тағайындалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті