
Жаңа оқу жылының басталуымен бірге студенттер үшін тұрғын үй мәселесі өзекті бола түседі. Жатақханада орын шектеулі болғандықтан, біраз студент пәтер немесе бөлме жалдауға мәжбүр.
Басты қиындық, әрине, қаржы мәселесі. Алматы мен Астанада пәтер жалдау қымбатқа түседі. Бұған коммуналдық қызмет, интернет және азық-түлік шығыны қосылады. Одан кейін көңілден шығатын тұрғын үй табу да қиямет. Сондай-ақ келісімшартсыз жалға беру, алдын ала төлем талап ету, жалған хабарландырудан зардап шегуі мүмкін. Сондай-ақ қаланың ортасында баспана қымбат болғандықтан, студенттер шалғай аудандарды таңдауға мәжбүр.
Осы мәселені шешудің ең тиімді жолы — бірнеше студенттің бірігіп пәтер жалдауы. Өйткені бұл қалтаға онша салмақ түсірмейді.
Ал жатақханадан орын алғысы келетіндер алдын ала өтініш беру, сенімді интернет-платформаларды пайдалану және тәжірибелі студенттердің кеңесіне жүгінгені дұрыс.
Осылайша баспана мәселесі студенттер үшін қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтар туғызады. Дегенмен алдын ала жоспарлау, шығынды тиімді бөлу және қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы тығырықтан шығуға болады. Бір жағынан, пәтер мәселесін өз бетінше шешу студенттің жауапкершілік пен дербестік дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Арыс Ысқали,
Абылай атындағы халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің
МХКФ 2-курс студенті