jasqazaq.kz

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

Бүгін, 21:17

Қазақстанның Франциядағы елшілігі және Қызылорда облысы әкімдігінің, “Sumbe” компаниясының қолдауымен Париждегі атақты дипломатиялық залдардың бірі – Cercle de l’Union Interalliée ғимаратында Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. Мәдени шара Еуропадағы отандастар мен қандастардың басқосуы аясында мәдени байланысты нығайту және ұлттық өнер арқылы ұлт бірлігін дәріптеуді негіз етті.
Сыр өңірінен арнайы барған шығармашылық ұжым көременге халқымыздың төл өнерін, дәстүрлі музыкасын, күй мен бидің озық үлгілерін ұсынды. Кеш шымылдығы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылып, Қорқыт мұрасы, халық әндері мен Абай шығармалары орындалып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді.
Концертті Франциядағы шетелдік елшіліктердің басшылары мен қызметкерлері, көрнекті тұлғалары, Еуропаның бірқатар елдерінде тұрып жатқан қандастарымыз, сондай-ақ Париж қаласының тұрғындары тамашалады.

 

Гастрольдік сапарға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев бастаған Сыр мәдениеті мен өнерінің насихатшылары, өнер ұжымдары мен әртістерінен құралған шығармашылық делегация барып қайтты. Концертте халық аспаптар ансамблі, (көркемдік жетекшісі Нұрғиса Нұрбай), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе (домбыра), күйші Болат Күзембаев (домбыра), дәстүрлі орындаушылар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Бисенбек Төлеубаев, Жәнібек Жақсан, филармония солистері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Гаухар Бисекенова, Индира Баимбетова, Жалын Жүсіпов, Олжас Нұралиев, Назым Тілеулесова, Әлішер Шөжен, Арайлым Маханбетжанова және «Ai-Aru» заманауи би ансамблі өнер көрсетті.
Ғасырлар сырын сақтаған, Эйфель мұнарасы асқақтаған, Сена жағасында сан тағдыр мен сан өнер тоғысқан ғажайып шаһардың тұрғындары мен қонақтары ұлттық қолөнер туындыларын тамашалап, ұлттық музыкамыз мен әлемдік классиканың танымал шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алды. Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын жоғары деңгейде насихаттаған өнер иелері көрерменнің зор ықыласы мен құрмет-қошеметіне бөленді.


Концерт режиссері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгесінің иегері Азиза Іздіқұлова

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность