jasqazaq.kz

OTBASY FEST — отбасы құндылығын дәріптеген мереке

09 қыркүйек, 12:13

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған OTBASY FEST отбасылық фестивалі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру.

Фестиваль аясында 2000-ға жуық тұрғын қамтылып, балалар мен ата-аналарға арналған түрлі спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысты.

Фестиваль бағдарламасы таңғы йога және зумба жаттығуларынан басталып, спорттық жарыстар, балалар эстафеталары, ұлттық ойындар, интерактивті алаңдар және шығармашылық бағдарламалармен жалғасты. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, веложарыс және басқа да сайыстарға белсенді қатысты.

Іс-шараның ресми бөлімінде Астана ауданының әкімі Б.Қырықбаев сөз сөйлеп, фестиваль қатысушыларын құттықтады.

Мереке аясында 18 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен, 9 отбасылық ансамбль, сондай-ақ «Алтын той», «Күміс той», «Қола той» аталымдары бойынша отбасылар марапатталды.

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу