jasqazaq.kz

Отанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін

23 маусым 2022, 15:51

Елге оралған қандастар енді жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды Абай және Ұлытау облыстарына қоныстандыру бойынша қаулыны ашық талқыға шығары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаулының мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер қатарына жаңа құрылған Абай және Ұлытау облыстарын қосу. Құжат қабылданса, бұл үрдіс мемлекеттің демографиялық жағдайына оң әсер етеді», — делінген құжатта.

Жауапты министрлік мәліметіне сәйкес, бүгінде отанға оралған қандастар еліміздің 7 облысына қоныстанады. Ал ұсынылып отырған қаулыда бұл тізімнен Атырау облысы алынып тасталады. Оның орнына екі жаңа облыс қосылып, жалпы саны 8 өңір қандастарды қабылдайды.

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі