jasqazaq.kz

ОСК Respublica» партиясының тізімін тіркеді

16 шiлде, 14:57

Бүгін 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының үшінші отырысы өтті. Отырысқа сондай-ақ «Respublica» партиясының басшылары, ЕҚЫҰ ДИАҚБ атынан байқаушылар, Бас прокуратура, Қаржы, ішкі істер, әділет министрліктерінің және БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар бейнеконференциялық байланыс арқылы облыстардың, елорда және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері де қосылды.

Күн тәртібіне сәйкес «2026 жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы» мәселе қаралды.

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бұған дейін ОСК-ға 7 саяси партияның тиісті құжаттарын тапсырғанын атап өтті. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жолдаған сұрауына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдар партиялық тізімге енгізілген тұлғалардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

«Ағымдағы жылғы 7 шілдеде «Respublica» партиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне саяси партиялардың Құрылтай сайлауындағы партиялық тізімдерін тіркеу мәселесі жатады», — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Өз баяндамасында ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов бұған дейін партия тарапынан Орталық сайлау комиссиясына 76 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынғанын еске салды. Сонымен қатар,

кейіннен Орталық сайлау комиссиясына кандидат Темірғалиева Сәния Бақытжанқызының өз еркімен партиялық тізімнен шығару туралы өтініші келіп түсті.

«Өтініш 2026 жылғы 11 шілдеде келіп түсті. Сайлау туралы Конституциялық заңның 90 бабы 1 тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы өз құзіреті шеңберінде «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен Темірғалиева Сәния Бақытжанқызын алып тастау бойынша тиісті шешім жобасын әзірледі. Осының негізінде қазіргі уақытта партиялық тізімде 75 адам бар. Оның ішінде 38 кандидат — әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл кандидаттардың жалпы санының 50,7 пайызын құрайды. Заңда белгіленген квота сақталған. Партиялық тізімге енгізілген барлық тұлғалар Конституцияның және сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», — деп атап өтті Шавхат Өтемісов.

Сондай-ақ, ОСК хатшысы VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында партияның 8,59 пайыз дауыс жинағанын ескере отырып, «Respublica» партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылатынын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті қаулылар қабылдады. Бұдан кейін саяси партияның өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

JQ-Aqparat

Сурет: ОСК

 

04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді