jasqazaq.kz

ОСК-да жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?

23 шiлде, 20:29

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу реті айқындалды. Жеребе тарту рәсімін Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өткізді.

Алдымен мемлекеттік тілдегі атауларының әліпби тәртібімен саяси партиялардың өкілдері кезекпен үстелге шақырылды. Олар өз қолдарымен ішінде нөмірі бар жабық конвертті суырып алды. Сол нөмірмен олардың партиясы сайлау бюллетенінде көрсетілетін болады.

«Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе тартудың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде мынадай ретпен орналасатын болады: 1. «Әділет» партиясы», 2. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», 3. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, 4. «Қазақстан Халық партиясы», 5. «Ауыл» партиясы», 6. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы», 7. «Respublica» партиясы». Жеребе тарту қорытындылары Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің тиісті хаттамасымен бекітіледі», — деп атап өтті ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар