jasqazaq.kz

ОСК » Әділет» партиясының тізімін тіркеді

Бүгін, 13:45

Бүгін Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.  
ОСК баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға «Әділет» партиясының басшылығы, ЕҚЫҰ ДИАҚБ атынан халықаралық байқаушылар, Бас прокуратура, Қаржы, ішкі істер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ бейнеконференциялық байланыс арқылы өңірлердегі аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қосылды.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды. ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман баяндама жасап, Ортсайлаукомға партия тарапынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну бойынша тиісті құжаттар ұсынылғандығын атады. Сонымен бірге ол Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заң бойынша кандидаттарға қойылатын талаптарға тоқталды.
«Сайлау туралы Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан бір ғана тізім тіркеуге жіберіледі. Партиялық тізімде үш санаттағы: әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі 30% болуы тиіс. «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінде 186 адам бар. Оның ішінде 88 кандидат — әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар адамдар, яғни 47,3%. Заңнамада белгіленген квота сақталған. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін тексерді. Партиялық тізімге енгізілген барлық тұлғалар заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келеді», деп түйіндеді Мұхтар Ерман.
Сонымен қатар, ОСК Төрағасының орынбасары «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі партиялық тізімге енген барлық адамдар үшін сайлау жарнасын төлегендігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері хаттамаларға қол қойып, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылдады. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды.
Жиыннан кейін партия басшылығы дәстүрлі брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
JQ-Aqparat
Сурет: ОСК

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды