ҰОС Қарағандыны айналып өткен бе?

29 наурыз 2017, 14:53

 

Осыдан отыз жыл бұрын Ақадыр ауданында газетте едім. Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай материалдар ұйымдастыру үшін аупарткомның арнайы тапсырысымен кеншілер қаласына келгенмін. Қаланың жауынгерлік даңқы жолымен жүріп өтуді ойлағам. Сөйтсем, қалада ондай әскери жәдігердің ұзын саны – 58 екен. Сол жәдігердің бүгінде қаншасы аман екен деп осыдан отыз жыл бұрынғы сапарымды қайталағам.

Әрине, алдымнан ең әуелі Нұркен Әбдіровтің ескерткіші атойлап шыққан. Одан кейін «Мәңгі алау» мемориалды кешеніне барайын. Одан кейін…

Шынымды айтсам, қайда барарымды білмегем. Бізді ерлікке шақырған ескерткішті іздегем. Алдымен есіме Зоя Космодемьянская ескерткіші түссін. Орталық саябаққа 1962 жылы қойылған. Авторлары белгілі мүсіншілер Гуммель мен Билык. Оның орнында қазір 2006 жылы қаза болған кеншілерге арналған ескерткіші тұр. Білетіндердің айтуынша,  ескерткіш азып тозған. Қалдығын лақтырып жіберген. Зояның тағы бір бюсті Жаңа қаладағы мектеп ауласында тұрушы еді. Оны таба алмадым.

Тағы сондай бір кейіпкеріміз Володя Дубинин болатын. Кеңестік пионерлердің сүйікті кейіпкерін де сол Ю. Гуммель сомдағанды. Ескерткіш Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябаққа 1964 жылы қойылғанды. Оның орнын ешкім де көрсетіп бере алмады.

Тағы бір іздеген жәдігерім – Қарағанды госпитальдерінде қайтыс болған 17 кеңес жауынгерінің бауырластар зираты еді. Дереккөздері бұл ескерткіштің Үлкен Михайловкадағы қалалық қабірстанда 1945 жылы көтерілгенін айтады. Осыдан отыз жыл бұрын оның бет тасында « Отан үшін қаза болғандардың даңқы арта берсін» деген жазу болатын. Бүгінде оның бет бейнесі өзгеріпті. Күтімі барлығы бірден көрінеді. Бөлек-салақ жатқанды көзге түспейді. Алдында себет-себет гүлдері тұр. Тек бет тас жазуы өзгеріпті. Бұрынғысы «Мұнда Қарағанды госпитальдерінде жарақатынан қайтқан жауынгерлердің мәйіті жатыр» деген жазумен алмастырылыпты.

Содан госпитальдерді жағалап кетейін. Ең алдымен, 1941-1944 жылдары жұмыс істеген №3970/71 эвакогоспиталь мен филиалын тапқанмын. Ол онша қиын емес еді. Өйткені ол сол кездегі мұғалімдер институты мен фельдшер-акушерлік мектебінің ғимараты болатын. Бүгінде «Болашақ» университеті мен медициналық университеттің бір корпусы орналасқан.

Тағы бірі – №3414 эвакогоспиталі 1942-1943 жылдары жұмыс істеді. Онда күніне 250-ге дейін ауыр жарақаттар ем қабылдаған екен. Госпиталь сол кездегі Қарағандының ең бір әдемі ғимараты теміржолшылардың мәдениет сарайында орналасыпты. Бұл ғимарат бүгінде аман. Атауы ғана қысқарған – Мәдениет сарайы деп.

Тағы бірі – «Октябрь» кинотеатры. Мұнда 1942 жылғы 1 сәуірде 20-сыншы дивизияның 77 артиллериялық полкінің жауынгерлерімен қала еңбекшілерінің қоштасуы өткен екен. Бұл ғимарат бүгінде аман. Онда «Шалқыма» концерт залы орналасқан.

Ең соңында «Жауынгерлік Даңқ мемориальды кешенін» іздегенбіз. Ол Сұрыптауда Ұлы Жеңістің 25 жылдығына орай бой көтергенді. Бұрынғысында солдат пен теңізшінің бедері бар-тын. Ортасынан ойып салынған «Отан соғысы» ордені тұратын. Бүгінде соның бірі жоқ. Жә, осымен доғарайық.

Текке сұңқылдамағанымыз анық. Қалай дегенде екінші жаһан соғысы Қарағанды жұртшылығын айналып өткен жоқ. Олай болса, «жоғалған», «құрыған» ескерткіштердің орнын бос қоймауымыз керек. Қарт тарих кешірмейді…

Төрехан МАЙБАС

Қарағанды облысы

06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді
03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус