jasqazaq.kz

Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумына қатысты

Бүгін, 9:50

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа чемпиондарының 17-ші жыл сайынғы кездесуінің ашылу салтанатына қатысып, Моңғолия Премьер-министрімен, Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрімен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті және бас директорымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Форум жұмысына Үкімет басшылары, ірі компаниялар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Күн тәртібі технологиялық трансформация, инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру, ЖИ және экономикалық өсудің жаңа драйверлерін іздеу мәселелерін қамтиды.

Моңғолия Премьер-министрі Ням-Осорын Учралмен келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту, өнеркәсіп кооперациясы, тау-кен металлургиясы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект, сондай-ақ ғарыштық технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың биыл сәуір айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ екі ел басшылары қойған өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін жеткізу міндетін жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Ням-Осорын Учрал өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін жеткізді.
Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрі Тарик Рахманмен кездесу барысында сауда және инвестиция, көлік-логистика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық мәселесіне назар аударылды. Қазақстан Премьер-министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан және мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге, Әділетті Қазақстан құруға бағытталған реформалар еліміздің орнықты экономикалық өсуіне, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қажетті жағдай жасап отырғанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-бангладеш ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік және экономиканың басым салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындық расталды.
World Economic Forum президенті және бас директоры Алоис Цвингимен келіссөздер барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, инвестициялар тарту, адами капиталды дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Кездесу барысында Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форуммен жүйелі сараптамалық әріптестікке көшуге мүдделілігі айтылды. Сондай-ақ «Бәйтерек» инвестициялық холдингі арқылы ынтымақтастыққа қызығушылық танылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда инвестициялық ахуалды жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларының кең ауқымы қолжетімді. Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, салықтық және кедендік преференциялар қолданылады. Жобаларды сүйемелдеу «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылады.
JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания