jasqazaq.kz

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап сайлау учаскелері өз жұмысына кірісті

03 тамыз, 19:03

10 400-ден астам сайлау учаскелері, 10 600-ден астам комиссия және 71 мың сайлауком мүшелері. ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров елімізде учаскелік сайлау комиссиялары іске кіріскенін хабарлады.

Комиссияның бүгінгі отырысында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дайындығы мәселесіне ерекше назар аударылды. Нұрлан Әбдіров осы аптадан бастап Ортсайлауком мүшелері өңірлерге инспекциялық сапарға шығатындығын атап өтті. Олар барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда болып, алдағы науқанға инфрақұрылымның дайындығын тексеретін болады.

«Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісті. Барлығы 10 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Сайлауды ұйымдастыруға мүшелерінің жалпы саны 71 мың адамды құрайтын 10 600-ден астам комиссия тартылатын болады. 4-17 тамыз аралығында біз Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен және аппарат қызметкерлерімен бірге еліміздің барлық 20 өңіріне инспекциялық сапарларға шығамыз. Осы сапарлар барысында сайлау учаскелерінің дайындығы, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмысының ұйымдастырылуы, Call-орталықтардың қызметі бағаланатын болады. Сонымен қатар, өңірлерге жасалатын инспекциялық сапарлар барысында аумақтық сайлау комиссияларының жұмысына, оның ішінде сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту барысына да ерекше назар аударылады», — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

ОСК Төрағасы 7 тамыздан бастап әрбір сайлаушыға дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміндегі өзі туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі берілетінін еске салды. Егер қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, сайлаушы дереу учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады. Мұндай өтініштер келіп түскен күні дереу қаралады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар