jasqazaq.kz

«Назар аударыңыз, балалар!». Полиция ата-аналар мен балаларды барынша сақ болуға шақырды

05 қыркүйек, 13:35

15 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Басты мақсат – балалардың жолда, мектепте және күнделікті өмірде қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қауіпсіздігін, олардың техникалық жағдайын, сондай-ақ мектеп маңындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тексеруде. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Мектептердегі қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінуде. Бейнебақылау камераларын полицияның жедел басқару орталықтарына толық қосу жұмыстары жүргізілуде.
Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Олар балалармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, түрлі жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйретуде.
Бала қауіпсіздігі – тек полицияның немесе мектептің міндеті емес. Бұл – ең алдымен, ата-ананың да жауапкершілігі.
Күн сайын балаңызбен бірнеше минут қауіпсіздік туралы сөйлесіңіз. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту, жолдан өтерде жан-жағына қарау, телефонға алаңдамау, бейтаныс адамдармен бірге кетпеу сияқты қарапайым ережелерді үнемі еске салып отырыңыз.
Балалар әрқашан сақ және мұқият болуы керек. Егер бір нәрсе сендерге қауіпті немесе күмәнді болып көрінсе, үндемей қалмаңдар. Бұл туралы міндетті түрде ата-аналарыңа, мұғалімге немесе полиция қызметкеріне айтыңдар.
Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Бірге қамқор болсақ, әр бала мектепке аман барып, үйіне қауіпсіз оралады.

Сурет: gov.kz

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу