jasqazaq.kz

Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі болып тағайындалды

02 қыркүйек, 15:23

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы 1968 жылғы 30 маусымда туылған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған. Оқуды аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.
Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастады. Орталық аппараттағы жұмыс барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
Шетелде Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.
2003 жылы сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.
2004 жылы еліміздің Малайзиядағы Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней Даруссалам және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.
2009 жылы Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болды.
2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.
2016-2019 жылдары сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған.
2019 жылғы қыркүйек айында сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстанның Аустриядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы сәуір аралығында Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Ағылшын, корей тілдерін меңгерген.
JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz

02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді