jasqazaq.kz

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» Алматыда байқауының қалалық жеңімпазы анықталды

26 тамыз, 18:47

Алматыда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі шаңырақтарды көпшілікке үлгі етуге бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Биыл Алматы қаласы аталған ұлттық конкурсқа 12-рет қатысып отыр. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қаланың сегіз ауданында өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысып, естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алматы қаласының жеңімпазы Билял отбасы болды. Енді олар Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады. Биылғы байқауда әділ қазылар құрамында болған Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қалимолдин іріктеу аса жоғары деңгейде өткенін айтты: – Жалпы 262 өтінім түсті. Аудандарда бірінші кезең өтіп, қалалық кезеңге әр ауданнан екі отбасы қатысты. «Мерейлі отбасы» – еліміздегі аса маңызды, қоғам үшін көкейкесті мәселелердің бірін көтеретін ерекше байқау. Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуде мұндай шаралардың орны бөлек. Тәлімі мен тәрбиесі мол, өнегелі отбасылардың жеңіске жетіп, халыққа үлгі болуы – байқаудың басты маңызы, – деді ол. «Мерейлі отбасы» байқауының мұндай игі бастамалары берекелі шаңырақтардың өнегесін насихаттап қана қоймай, жас ұрпаққа отбасының қадірін ұғындыруға және қоғамдағы отбасылық құндылықтарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу