jasqazaq.kz

«Мен материалдарды орналастыра алмайтынмын, мен тек Бажкенованың тапсырмаларын орындадым» – Orda.kz-тің бұрынғы тілшісі Дүйсенованың мәлімдемесі

06 тамыз, 21:05

Алматы қаласында Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта куәгерлердің айғақтары тыңдалды.

Куәгерлердің бірі Сандуғаш Дүйсенованың елде болмауына байланысты ол өз айғақтарынжазбаша түрде ұсынды. Прокурор бұл айғақтарды сот отырысы барысында оқып берді. Оған сәйкес, Сандуғаш Дүйсенова сайттың меншікті тілшісі болып жұмыс істеген және Бажкенованың тапсырмаларын орындаған.Оның міндетіне ақпарат жинау және оқиға орындарына шығу кірген.

Сонымен қатар, куәгер алынған ақпараттың шынайылығын тексеру ресми сауалдардың жобаларын әзірлеу арқылы жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Ол мұндай сауалдардың жобаларын редакцияға жолдап отырған. Алайда оларды тиісті мекемелерге жіберу-жібермеу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ материалды жариялау мәселесі редакция басшысы Гүлнар Бажкенованың айрықша құзыретіне кірген.

Тілші ретінде журналистік қызмет атқарғанына қарамастан, куәгердің Orda.kz сайтында жарияланымдарды орналастыруға рұқсаты да, мүмкіндігі де болмаған.

Сотта ол көрінеу жалған ақпарат тарату ісі аясында қаралып жатқан бірнеше эпизод бойынша жауап берді.

Эпизодтардың бірі бұрынғы балықшаруашылығы инспекторы «С» туралы материалдарға қатысты болды. Куәгердің айтуынша, материалды дайындау барысында ол фототүсірілім жүргізіп, кейін жиналған ақпарат пен мақала жобасын бас редакторға тапсырған.

Тағы бір эпизод «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен байланысты болды. Куәгердің сөзінше, материалды дайындау бойынша тапсырманыжәне бастапқы деректерді оған Бажкенова берген. Сондай-ақ, бұрынғы бас редактор теміржол бойындағы ықтимал заң бұзушылықтарды қалай түсіру керектігін де айтқан.

Ықтимал заң бұзушылықтар анықталмаған соң Сандуғаш Дүйсенова материалды жариялауға қатысты туындаған күмәнін Orda.kz сайтының бұрынғы басшысына жеткізген. Соған қарамастан, материал өңделіп, айтарлықтай өзгерістермен жарияланған.

Сондай-ақ, куәгер «ECSAD» ЖШС-ғақатысты эпизод бойынша да жауап берді. Оның айтуынша, бастапқы материалдар анықталмаған дереккөзден алынған. Материалды дайынболғаннан кейін ол оны Бажкеноваға тапсырған, содан соң мақала жарияланған.

Осы материал бойынша сол компания кейінтеріске шығару мәлімдемесін жариялаған. Куәгердің сөзінше, ол жарияланған ақпаратты тағы да тексеруді ұсынған, алайда Бажкенова бұл ұсыныстан бас тартқан.

Еске сала кетейік, Гүлнар Бажкеноваға үш бірдей қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр: аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және талан-таражға салу, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат тарату.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты