jasqazaq.kz

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

01 шiлде, 20:54

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – елдің Негізгі Заңы күшіне енді. Ол қоғамның іргелі құндылықтарын айқындайды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негіздерін белгілейді және мемлекеттің одан әрі дамуының берік құқықтық тұғыры болып табылады. Жаңа Конституция құқық үстемдігін нығайтудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін кеңейтудің жаңа кезеңін айқындайды.

Жаңа Конституцияның маңызды өзгерістерінің бірі – 15-бапта әркімнің мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянның өтелуіне құқығының бекітілуі.

Аталған кепілдіктің Конституцияда бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғаудың ең жоғары құқықтық деңгейде қосымша негізге ие болғанын білдіреді. Осылайша, зиянды өтеу құқығы заңнамалық кепілдік қана емес, адамның құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігіне айналды.

Әрбір азамат өзінің құқықтары мемлекеттің және оның өкілдерінің заңсыз шешімдері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі салдарынан бұзылған жағдайда, келтірілген зиянның өтелуіне сенім арта алады.

Бұған дейін мұндай зиянды өтеу мәселелері негізінен салалық заңнамамен реттелетін. Енді бұл кепілдік ең жоғары конституциялық мәртебеге ие болып, мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігін айқындай түседі әрі бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге қосымша кепілдіктер береді.

Конституция маңызды қағидатты бекітеді: мемлекет адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, егер оның органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінен зиян келтірілсе, олардың бұзылуына да жауапты болады.
Аталған құқықтың конституциялық деңгейде бекітілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайтудың маңызды тетігіне айналып, адам құқықтарын қорғау мен мемлекеттің жауапкершілігі қазіргі заманғы құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте айқындайды.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар