jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

16 маусым, 20:05

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев экономика мен мемлекеттік басқарудың игілігі үшін спутниктік жүйелерді дамытуға, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш деректеріне негізделген қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді.

Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе, ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысы оң бағаланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді.

Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар