jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму жоспарымен танысты

Бүгін, 13:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды.
Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған.
Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.
Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда «жайлы мектеп» бой көтеріп, «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.
Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.
Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
Бүгін, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
Бүгін, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ