jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

04 шiлде, 12:44

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.

JQ-Aqparat

Сурет: aqorda_resmi 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар