jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Air Astana рейстерінің кешігуі, борттың ауысуына үнемі сын айтылатынына назар аударды

01 шiлде, 15:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Онда Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыру жоспары, Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берілгені айтылды.
Сондай-ақ Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады.
Мемлекет басшысы рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде