jasqazaq.kz

Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

04 қыркүйек, 12:18

Марат Елеусізұлы Алматы облысы активінің алдында төрт жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесін түйіндеді. Кездесу барысында ол аймақтың дамуына үлес қосқан әріптестеріне, құқық қорғау органдарына, аумақтық департаменттерге алғыс айтып, облыс тұрғындарына шексіз ризашылығын білдірді.

«Бүгін өңір басшысы ретінде сіздермен жүздесіп, бірге атқарған ауқымды жұмыстарымызды қорытындылайтын жауапты сәтте тұрмыз. Өздеріңізбен бірге Алматы облысы мен Жетісу облыстарын бөліп, жаңа өңір құрылған тарихи кезеңде жұмыс істедік. Аса жауапты кезеңде туған өңірімді басқаруды сеніп тапсырып, аймақтың өркендеп, дамуына үнемі қолдау білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осы кезеңде жүзеге асырылған реформаларды дұрыс қабылдап, қолдаған өңір халқына да ризашылығым шексіз. Бұл осы облыстың тумасы ретінде мен үшін, жалпы баршамыз үшін үлкен мүмкіндіктер уақыты болды», – деді ол.

Марат Сұлтанғазиев сондай-ақ бірлескен жұмыстың нәтижесі жемісті болғанын, соның арқасында өңір экономикасы еселеп артқанын жеткізді. Атап айтқанда, Алматы облысы экономикалық көрсеткіштер бойынша республикадағы үздік бестіктің қатарына берік орнығып, өңірдегі донор аумақтар саны екеуден жетіге артқан.

«Жетістіктерге жету жолында өздеріңізбен күш біріктіре отырып, өңір әлеуетін арттыру бағытында біртұтас ұжым болып, нәтижелі еңбек еттік. Барлық бастамаларымыз бен игі істерді жүзеге асыру жолында Үкімет пен Президент Әкімшілігінің де қолдауын сезіндік. Осы уақыт ішінде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлікте қызмет атқарған ұжымға және аумақтық департаменттерге, құқық қорғау органдарына да ризашылығым шексіз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ қазіргі уақытта облыста құрылыс саласы қарқын алып, серпінді өрлеу кезеңі жүріп жатқанына тоқталды. Сөз соңында жаңа басшыға сәттілік тілеп, өңір жетістіктері бұдан да мол болатынына сенім білдірді.

«Алдағы уақытта да осы қалыпты сақтап, жұмысты бәсеңдетпей, жаңадан келетін өңір басшысына толық қолдау білдіріп, бір кісідей жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Өңірді әрі қарай дамыту жолында жаңа басшыға да сәттілік тілеймін! Алматы облысының болашағы бұдан да жарқын, жетістіктері бұдан да мол боларына кәміл сенемін», – деді Марат Елеусізұлы.

07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде