jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісова: Зәкеңнің сюрпризін құртқаным бар

11 желтоқсан 2023, 11:08


Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің көзі тірісінде сыйлаған сыйлықтарын көрсетті.
Өнер иесі үйіне келген қонақтарға мұражайды аралатып, марқұмның тіршілігінде тұтынған заттарын әлеуметтік желіде көрсетті.
«Мынау Зәкеңнің соңғы, 40 жасыма сыйлаған сыйлығы. Бір жігіт менен 8 сурет сұрап келді. «Не істейін деп жатыр? Не сыйламақшы?» деп сұрап едім, «Айтпа деп еді…» деп қипақтады. Қоймай сұрап алдым. Сөйтсем, Зәкең менің суреттерімді фарфор ыдыс-аяққа салғызғысы келіпті. «Украинаға тапсырыс беріп жатыр, соған жібермекші» деді әлгі жігіт. Мен Мерейдің 40 күндік шілдесінен шыққан суретімізді, сосын Зәкеңнің 30 жасында түскен суретін қосып беріп жібердім. Сөйтсем, олар Зәкеңнің жас кезіндегі суреті мен менің суретімді қосып, ыдысқа түсіріпті. Зәкең 40 жас туған күнімде сыйлығын ашып, пысылдап, ыдыстардың қорабын аша бергенде ең бетінен үлкен тәрелке шықты. Бетінде Зәкең екеуміздің суретіміз тұр. Шошып кетті. «Ойбай, мына суреттерді кім берген?» деп таңғалды. Сосын мен айттым, «По секрету біліп алдым» деп күлдім. Сонда Зәкең «Әй, осы қатындарды бар ғой… сендерден ештеңе жасыра алмайсың. Сюрпиз сломала» деп күлді. Адамның суреті салынған ыдыс-аяқты қолдануға болмайды екен ғой, сондықтан мен мұны мұражайға естелік, тарих ретінде қойып қойдым», – деді өнер иесі.
Ерекше сыйлықты көрген әншінің оқырмандары ұқыптылық қасиетін ерекше бағалап жатыр.
«Бірінші отбасында мұндай естеліктер жоқ шығар. Керемет, Мақпал апамыз бәрін сары майдай сақтап отыр. Басқа біреу болса, өзі жоқтың көзі жоқ деп құртып, сатып жіберер еді», «Сырын ұшырмай тап-тұйнақтай ұстап отырған Сізге Алла амандық берсін!», «Мақпал апай әңгіменің майын тамызып айтады», «Заманбек ағамыз әйелін шын сүйген екен, мұндай сыйлықты ойлап жасату екінің бірінің ойына келе бермейді», – деп жазды оқырмандары.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс