jasqazaq.kz

Маған «Әскери дискурс» не үйретті?

07 шiлде, 11:59

Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасы тарихында алғаш рет «Әскери журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша дәріс алып жатқан бірнше студент, оның ішінде мен де бармын, қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Әскери дискурс-2026» әскери-практикалық оқу курсына қатыстық.
Бірнеше күн бойы Алматы гарнизонындағы әскери бөлімнің басзасында еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби әскери тілшілерімен бірге «Қарулы қақтығыс жағдайындағы әскери журналистің қызметі» тақырыбы бойынша қарқынды даярлықтан өттік.
«Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» дейді халық даналығы. Практикалық жаттығулар барысында біз әскери кафедра қабырғасында алған теориялық білімді пысықтадық. Соның бірі – тұтқынға түсу барысында әрекет ету іс-қимылдары болды. Журналистердің бастарына қап кигізіліп, көздері байланып, белгісіз бағытқа әкетілді. Бұл тапсырма олардың күйзеліс жағдайында өзін қалай ұстау керектігін сезінуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар шартты миналанған аумақтан өту, топ құрамында қауіпсіз қозғалу және төтенше жағдайда өзара іс-қимыл жасау тәсілдерімен іс жүзінде таныстық. Алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарында зардап шеккендерді қауіпсіз эвакуациялау, қан кетуді тоқтату және жеке медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды да үйрендік.


«Әскери дискурсқа» қатысу студенттерге экстремалды жағдайда жұмыс істеудің бірегей практикалық дағдыларын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін жария етудің заманауи тәсілдерін игеруге және әскери журналистика саласындағы тәжірибелі мамандармен кәсіби өзара іс-қимыл жасаудың құнды тәжірибесін жинақтауға ықпал жасады.
Игерілген білім мен жинақталған тәжірибе Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасындағы «Әскери журналистика» білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіруге берік негіз болады.


Оқу курсының қорытындысы бойынша әрбір студентке курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат пен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің атынан атаулы қол сағаты табысталды.

Абылай Қадыр,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты