jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы: Бүгінгі «простушка» ертең-ақ «крашиха» болып шыға келеді!

13 желтоқсан 2023, 20:56


Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіге қос ұлына арнап тәлім-тәрбиеге толы жазба жариялады.
“Балам, қателік жасауда тұрған ештеңе жоқ, ең сорақысы – қайталау. Жауапкершілік серігің болсын! Папаң мен мамаңа ренжісең, оларға айтып ренжіп үйрен. Ренжу мен үйден қашу мәселені шешпейді. Біз “old school” (көне мектеп) сенің жаңа сөздеріңді түсінбеуіміз мүмкін. Форсить – кринж емес екенін қайдан білеміз ?!. Ата-анамен де арасында рофлить етуге болады. Көп сөйлеу, қыздың дене бітімі мен киімін талқылау – жігітке сын. Арадағы кез келген мәселені сөзбен шешуге болады. Жұдырық ала жүгірмеген жөн. Майкаң мен шұлығыңды лақтырғанда бірден кірсалғышқа түсетіндей етіп көзде!. Үйге келген қонақтың киімін алып, “Төрлетіңіз!” десең, ол кісі “Әкесі красавчик екен” дейді. Аңдығаның VIP казашка болмасын! Қазіргі “простушка” ертең-ақ “крашиха” болып шығады. “Сертіңе, сөзіңе адал бол! Тегін, жұртын білу — тектілік! Саған әлем сенеді! Шексіз әлемде өзіңді шектеме. Арманыңның шеті болмасын! Қазір атқа міне алу трендте. Не дегенмен, ер қанаты — ат!”, – деп ақыл айтады журналист.
“Ұлдарымның жасы 17,15-те.
Қазақи тәрбие мен жауапкершілікті балаңызға үйрететін көше емес. Жетпегенін бір-бір краш өсіріп отырған ата-аналар жалғастырсын”, – деді жазба авторы.
Журналистің оқырмандары ұлдарына қандай ақыл айтатынын жарыса жазып жатыр. Бір оқырманы “жастардың тілінде жазғаныңыз ұнап қалды. Бұл балаларыңызбен жиі сырласатыныңызды көрсетті” дейді.

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс