jasqazaq.kz

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістанның 35 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

06 тамыз, 9:14

Алматыдан көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістан Республикасының 35 азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Алматы полицясына сілтеме жасап.

Олардың барлығы елімізде болуға рұқсат етілген мерзімнен асып кетіп, Қазақстан аумағында заңсыз жүрген.
Нысаналы іс-шаралар барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетел азаматтарының жүрген жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, полиция қызметкерлері оларды әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейін алып жүрді.

Сонымен қатар, шетел азаматтарының белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың елден уақытылы шығуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция еске салады: көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау шетел азаматтары үшін де, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қабылдайтын тұлғалар үшін де міндетті. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасуда.

Сурет: Видеодан кадр

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар